Аңдатпа

10 қараша 2014
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

 

 

Қазақстан Президенті 10 қарашада Германияның федералдық сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерді қабылдайды.

11 қарашада Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысады деп жоспарлануда. Оның барысында партияның сайлауалды тұғырнамасын жүзеге асыру жайы қаралады, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған партиялық іс-қимыл бағдарламасы талқыланатын болады.

12 қарашада Қазақстан Президенті Астанада Грузияның Премьер-Министрі Иракли Гарибашвилиді қабылдайды.

14 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жаңа үлгідегі әскери қалашығының ашылуына қатысады деп күтілуде. Қалашықтың заманауи инфрақұрылымы Астанадағы қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қорғау жөніндегі әскери-қызметтік міндетті сапалы атқаруға мүмкіндік береді. Бұл күні 50-ден астам ғимаратты бір мезгілде тапсыру жоспарланған. 


Барлық аңдатпа
 
Басқа аңдатпа
Барлық аңдатпа