Аңдатпа

22 сәуір 2015
Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

 

23 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясының XXII сессиясы өтеді, күн тәртібіндегі тақырып –  «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр».

Сессия жұмысына 1500-ден аса адам қатысады. Олардың қатарында ассамблеяның барлық өңірлердегі мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, Үкіметтік емес ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми және шығармашылық зиялық қауым мен БАҚ өкілдері бар. 


Барлық аңдатпа
 
Басқа аңдатпа
Барлық аңдатпа