Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 маусым 2009
3-4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды.

Сапар барысында Мемлекеттік хатшы аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдаймен және Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыру барысымен танысты.


Қ.Саудабаев облыс пен оның әкімшілік орталығында жұмыс істейтін және салынып жатқан әлеуметтік нысандар, аграрлық және өндірістік кәсіпорындардың бүгінгі таңдағы жағдайларынан хабардар болды. Ол №54 жаңа орта мектепте және қалалық перзентханада болып, «Бәйтерек» ықшамауданының құрылысымен танысты, сондай-ақ, «Медеуов» жылыжай кешенін, «Хәлелов Әубәкір» шаруа қожалығын, «Оңтүстікагроконтракт» ЖШС-нің томат плантациясын, «Имсталькон» зауытын және басқа да кәсіпорындарды аралап көрді.


Содан кейін оның қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті.


Мемлекеттік хатшы партия мүшелері мен барлық деңгейдегі басшыларды Президенттің тапсырмалары мен Үкіметтің «Жол картасы» дағдарысқа қарсы шараларын жүзеге асыру үшін бар күш-жігерді жұмсауға шақырды.


- Партия Төрағасы, Мемлекет басшысының құрылтайдаға баяндамасы бүгінгі дағдарыстан шығу жолдарын айқындаумен шектелмей, сондай-ақ елдің келешектегі қарқынды дамуының бағдарларын да көрсете білді. Қазақстан дағдарыстан күшейген, болашаққа сеніммен қарайтын ел болып шығатының кепілі ретінде біз қоғамымыздың дәстүрлі тұрақтылығын, тәуелсіздік жылдарында бой көтерген экономикамыздың негіздерінің түпкіліктілігін, әсіресе, Президент Н.Назарбаевтың саяси ықтиярын қарастырамыз,» - деді өз сөзінде Қ.Саудабаев.


Мемлекеттік хатшы «Жамбыл облысы бүгінгі ауыртпалықтарға лайықты төтеп беріп отырғанын және осы жағдайдан мейлінше аз шығынмен шығуға мүмкіндіктері мол екенін» атап өтті.


Сапарының соңында Қ.Саудабаев Республиканың Мемлекеттік рәміздері күніне арналған жалпыұлттық «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясының ашылу салтанатына қатысты.


Таразға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастарға Мемлекеттік хатшы мынандай лебіз білдірді: «Сендердің ынталарың, жастық екпіндерің, еліміз бен Президентімізді шынайы мақтан тұтуларың – тәуелсіз Қазақстанның лайықты бүгіні ғана емес, кемел болашағы да бар екенінің дәлелі. Президенттің Қазақстанды ары ғарай дамыту және дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттер қатарына жеткізу стратегиясының орындалуы өздерің сияқты жас буынның еншісінде».


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар