Жаңалықтар

23 қаңтар 2008
Мемлекет басшысының Өкімдерімен:

Арман Ғалиасқарұлы Дунаев «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды және ол Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды.


Елена Леонидовна Бахмутова Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды және ол бұрын атқарған қызметінен босатылды.



***


Қазіргі жағдайда «Қазына» орнықты даму қорының құрамына кіретін даму институттары үшін бірінші кезекте, экономиканы қолдауға бөлінген бюджет қорын пайдалану бойынша қаржы ұйымдарымен, екінші деңгейлі банктермен тиімді өзара қарым-қатынасын орнықтыру алдыңғы орынға шығып отыр. Сондықтан да ел Президенті алға қойған ішкі міндеттерді, сондай-ақ осы жылдың 8 қаңтарында жария етілген Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бірлескен мәлімдемесі аясында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында осы кадрлық өзгерістер жасалып отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар