Жаңалықтар

9 шілде 2009
Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы, Бруней-Даруссаламдағы, Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметтерінен босатылды;

Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

***


Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алмас Насреддинұлы Хамзаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар