National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2014 жылғы 21 тамыз

 

Отырыста Республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларын орындау, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және одан айыру мәселелері талқыланып, азаматтардың өтініштері қаралды.

Атап айтқанда, тілдік курстарды жаңа үлгі бойынша іске асыру тұжырымдамасының жобасы қаралды. Стипендиаттарды тілдік даярлауды әрқайсысы 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімді қамтитын екі кезеңде жүргізу қарастырылуда.

Тілдік даярлаудың ұйымдастыру-техникалық және оқу-әдістемелік мәселелерін шешу үшін шетелдік серіктес ретінде Британдық Кеңес тартылатын болады.

Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданды. 338 адам «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің