Жаңалықтар

10 наурыз 2017
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті

Отырыста Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қ.Уәлиевтің Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған жоспарлы іс-шаралар туралы баяндамасы тыңдалды.

Гүлшара Әбдіқалықова іс-шара барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекеленетін жыл барысында барлық орталық және жергілікті атқарушы органдар тәуелсіздігіміздің басты нышандары болып саналатын Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін насихаттау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Ел қорғаны» ведомстволық наградасын бекіту туралы ұсыныс қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар