Жаңалықтар

13 мамыр 2015
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Масаеси Камохарамен кездесті

 

Кездесуге сондай-ақ Қазақстан тарапынан – Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары, Мәжіліс депутаты  Е.Тарасенко, жапондық тараптан – Парламенттік білім, мәдениет, спорт, ғылым және технология аға вице-министрі М.Фудзии, Мәдениет агенттігінің дүниежүзілік мұралар жөніндегі бөлімінің директоры Т.Окамота қатысты.

Кездесуді ашқан Мемлекеттік хатшы Жапония Қазақстанның маңызды стратегиялық серіктесі екеніне тоқталды. Г.Әбдіқалықова  Мемлекет басшысының 2008 жылдың маусым айында Жапонияға жасаған сапарының нәтижесі стратегиялық серіктестікті нығайтуға ықпал еткенін айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жекеменшік секторларының экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының қызметін жоғары бағалады. Мәселен, 2014 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 1,7 млрд. долларды құрады.

Әңгіме барысында әлеуметтік-гуманитарлық саладағы Қазақстан-Жапония қарым-қатынасын дамытудың өзекті мәселелері қозғалды. Г.Әбдіқалықова екі ел халықтарының артып келе жатқан өзара мүдделестігі жағдайында мәдени алмасулардың маңыздылығына ерекше тоқталып, мәдениет саласында екіжақты келісім жасау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар тараптар гендерлік теңдік мәселелерін, соның ішінде 1995 жылы өткен БҰҰ-ның әйелдер ахуалы жөніндегі төртінші бүкіләлемдік конференциясында қабылданған Пекин декларациясы және Іс-қимылдар тұғырнамасы аясындағы мәселелерді талқылады.

 Кездесу соңында Жапония елшісі Мемлекеттік хатшыға Жапонияның Премьер-Министрі С.Абэнің биыл тамыз айында Токиода өтетін ІІ Бүкіләлемдік әйелдер конференциясына шақыруын табыс етті. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар