Жаңалықтар

4 мамыр 2013
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы

 

Қымбатты отандастар!

 

Барша православие христиандарын жарқын да мерейлі Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің көпконфессиялы елімізде қазақстандықтар діни сенімдері мен этностық  ерекшеліктеріне қарамастан маңызды діни мейрамдар қуанышын өзара бөліседі, сол арқылы халықтың рухын одан әрі асқақтата түседі.

Бұл мейрамдар адамгершілік, тәрбие, қайырымдылық мәдениетін дамыту, гуманизм мұраттарын орнықтыру, әлеуметтік тұрақтылықты бекемдеу арқылы жаңа мазмұнға ие болуда.

Діни төзімділік, тату көршілік, жақын-жуыққа қамқорлық қазіргі заманғы Қазақстан қоғамының ізгі бағыттарынан берік орын алып отыр. Православие діни қауымы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға өзінің қомақты үлесін қосып келеді.

Шаңырақтарыңыздан шаттық арылмасын, сүйіспеншілік пен бақ-береке тілеймін!


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар