Жаңалықтар

30 желтоқсан 2014
Украина, Ресей, Германия және Франция көшбасшылары кездесуінің Астанада өту ықтималдығы туралы

 

Қазақстан Президенті желтоқсан айында Киев пен Мәскеуге жасаған сапарында Украина дағдарысынан шығудың ықтимал жолдарын талқылаған еді.   

Сол кездесулерден соң Нұрсұлтан Назарбаев бұл тақырыпты Украина Президенті П.Порошенкомен, Франция Президенті Ф.Олландпен және ГФР Канцлері А.Меркельмен телефон арқылы сөйлескен кезінде де талқылады.

Украина Президенті П.Порошенкомен және Ресей Президенті В.Путинмен келіссөздер нәтижесінде екі ел көшбасшыларының ықтимал кездесуін Астана қаласында ГФР канцлері А.Меркель және Франция Президенті Ф.Олландтың қатысуымен өткізу мәселесі келісілді.

Қазақстан келіссөздерді 2015 жылғы 15-16 қаңтарда немесе тараптар үшін қолайлы кез келген уақытта өткізуге дайын. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге оқиғалар
Барлық оқиғалар