National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

2018 жылғы 06 қаңтар

Қымбатты отандастар!

Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке гуманизмнің, рақымдылықтың, мейірімділіктің, жақынына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың мызғымас дәстүрі ретінде қазіргі заманның дәнекеріне айналды.

Республикамыздың православ христиандары біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуына зор үлес қосып келеді.

Азаматтардың діни сезімдеріне құрметпен және ықыласпен қарау мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаларының бірі болып табылады. Соның арқасында біз елімізде бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық, экономика мен қоғамдық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік.

Осындай айтулы күні Отанымыздың игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз бен игі істеріңіз, ізгі ниеттеріңіз бен жарқын ойларыңыз үшін ризашылығым мен алғысымды білдіремін.

Әр үйге, әрбір қазақстандыққа амандық пен молшылық, сүйіспеншілік пен береке, бейбітшілік пен бақыт тілеймін!


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің