Жаңалықтар

8 шілде 2016
Елбасының туған күніне байланысты Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің құттықтау жеделхаты

 

И.Әлиевтің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жасампаздық жолында нық сеніммен қадам басып келе жатқаны айтылған.

«Еліңіздің халықаралық беделі күн сайын артып келеді. Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы және оның бүгінгі деңгейіне жетуіндегі Сіздің үлесіңіз зор. Біздің өзара сенім мен қолдауға негізделген серіктестігіміз тарихи терең тамырластық байланыстырып жатқан халықтарымыздың игілігіне алдағы уақытта да қызмет ете беретініне сенімдімін»,– делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысына Әзербайжан Президенті мықты денсаулық, бақыт және мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.  


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда