Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 маусым 2016
Қазақстан Президенті Гвинея Республикасының Президенті Альфа Кондемен кездесті
Қазақстан Президенті Гвинея Республикасының Президенті Альфа Кондемен кездесті

20-шы Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында өткен кездесу барысында мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды жолға қою перспективаларын қарастырды. Бұдан бөлек, Ислам ынтымақтастығы ұйымы шеңберіндегі бірлескен жұмыстарды қоса алғанда, халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында өтіп жатқан Гвинея Президентімен алғашқы кездесуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.

– Біздің еліміз тәуелсіздікке 25 жыл бұрын қол жеткізді, Африка құрлығы мемлекеттерімен ынтымақтастықты енді ғана бастап жатырмыз. Жақында сапармен келген Сенегал және Руанда елдерінің президенттері Қазақстанда болды. Қазақстан мен Гвинея арасының шалғайлығы елдеріміздің өзара тығыз ықпалдастық орнатуына кедергі болмайды деп сенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

А.Конде Қазақстан Президентіне кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты серіктестіктің түрлі салаларындағы қарым-қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда