Жаңалықтар

8 шілде 2016
Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвилидің құттықтау жеделхаты

 

Грузия Президенті жылы лебізді құттықтауы мен игі тілегін жолдаған.

«Сіз Қазақстан Республикасын өркендетуге бағытталған қажырлы қызметіңіз арқылы баршаның құрметіне бөленген кемел мемлекеттік қайраткердің жарқын мысалы болып отырсыз. Грузия мен Қазақстан Республикасы арасындағы дәстүрлі достық және өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая беретініне сенемін», – делінген жеделхатта.

Г.Маргвелашвили жеке өзінің және Грузия халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқының игілігі жолында жаңа табыстар тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда