Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 маусым 2016
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев пен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевтың тең төрағалығымен Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында жоспарланған консультациялар өтті

Іс-шараға екі тараптың тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық терроризмге, діни экстремизм мен заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы екі елдің серіктестігін нығайту мәселелері қаралды.

Консультацияларға қатысушылар өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалға баға беріп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, атап айтқанда, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Н.Ермекбаев, консультацияларды қорытындылай келе, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресейдің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасудың маңыздылығына, екі елдің деңгейлес мамандарының жұмыс бабындағы кездесулерінің өткізілуіне назар аударды. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей аумақтары арқылы есірткі трафигіне қарсы тиімді іс-қимыл жасау мақсатымен Есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының қызметін жандандыра түсу ұсынылды.

Тараптар талқыланған жайттарды ескере келіп, бірлесе қабылданған шешімдерді іске асыру бағытында жасалуы тиіс алдағы нақты қадамдар жөнінде уағдаласты.


Барлық жаңалықтар
 
Другие события рубрики Акорда
Все события рубрики Акорда