Жаңалықтар

6 мамыр 2013
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнайы атақтар тапсырды

 

Қазақстан Президенті әскери ерекшелік белгілерін тапсыру барысында дәстүр бойынша бұл рәсімнің биыл алғаш рет мемлекеттік мереке ретінде атап өтілетін Отан қорғаушылар күні қарсаңында өтіп отырғанын айтты.

- Мен сіздерді бүгін Қазақстанның Қарулы күштері, құқық қорғау органдары және арнайы қызмет қызметкерлеріне кезекті әскери және арнайы атақтар тапсыру үшін шақырдым. Өйткені сіздер патриотизмнің және Отанға қызмет етудің үлгісі болып саналасыздар. Бүгін сіздер жоғары атақтарға ие болдыңыздар. Өз міндеттеріңізді адал атқарып, барлық өзге де қызметкерлерге үлгі болыңыздар. Бұл сіздер үшін, сіздердің жақындарыңыз бен отбасыларыңыз үшін қуанышты оқиға, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сөз соңында Мемлекет басшысы офицерлерге денсаулық, жұмыста табыс және отбасыларына бақ-береке тіледі.  

 

Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының мәтіні.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар