Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 наурыз 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрі Болат Жәмішевті қабылдады

 

Кездесу барысында Б.Жәмішев биылғы жылы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндады, министрліктің орындап жатқан жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты.

Қаржы министрі қазіргі уақытта салықтық және кедендік әкімшілендіру жөніндегі жұмыстарын жандандыру, атап айтқанда фискальдық өкілеттікті кеден органдарынан алып, салық комитетіне беру жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу және республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жүйесі жетілдіруде.

Мемлекет басшысы салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру, соның ішінде арнайы салықтық режімдердің жұмысындағы проблемалық мәселелерді шешу қажеттігін атап көрсетті.   

Сонымен қатар, Б.Жәмішев бюджеттік жоспарлау мәселелерін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құзыретіне беруге байланысты барлық рәсімдер толық аяқталғанын хабардар етті.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар