Жаңалықтар

4 ақпан 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Лукойл» ААҚ президенті Вагит Алекперовты қабылдады

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті «Лукойл» компаниясы еліміздің мұнай-газ саласындағы ресейлік ірі инвестор болып саналатынын атап өтті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, өзара іс-қимылды дамыту қажеттігіне тоқталды.

В.Алекперов Қазақстан Президентінің қолдауы арқасында компания Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде ел экономикасына 7 млрд. доллардай инвестиция салғанын айтты. «Лукойл» компаниясы түрлі жобаларды іске асыруға белсене қатысуда. Солардың бірі қуаты жылына 100 мың тоннаға дейін жететін  Қазақстанның оңтүстігіндегі майлауға пайдаланылатын материалдар өндіретін зауыт құрылысы болып табылады. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар