Жаңалықтар

6 мамыр 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградаларды тапсырды

Рәсімді ашқан Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар еліміздің ең лайықты азаматтарына тапсырылатынын атап өтті.

Рәсімді ашқан Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар еліміздің ең лайықты азаматтарына тапсырылатынын атап өтті.

- Сіздердің бәріңіз ерен еңбектеріңізбен және қалтқысыз қызметтеріңізбен ерекшелендіңіздер. Сіздердің басты міндеттеріңіз – халық пен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тәуелсіздігімізді қорғап, оны қастерлеуден асқан мәртебе жоқ. Тату еліміздегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету өздеріңізге тікелей байланысты. Сіздер өз борыштарыңызды аса біліктілікпен атқарып келесіздер. Қазақстанның тұрақтылығы мен халқымыздың амандығын сенімді сарбаздар күзетіп тұр. Елге қорған болу үшін қажымас қайрат, жігерлі рух қажет. Осының бәрі де  сіздердің бойларыңыздан табылады деп ойлаймын. Қарулы күштер, құқық қорғау органдары және арнайы қызметтің тиісті бөлімдерінде қызмет ете жүріп, сіздер осынау жоғары атаққа лайықты болдыңыздар. Сіздер патриотизм мен тиісті шеберліек көрсете отырып, өз қызметтеріңіз арқылы Отанға одан әрі адалдық таныта бересіздер деп сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Сөз соңында Мемлекет басшысы марапатталғандарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, қызметте табыс және жақын-жуықтарына амандық тіледі.

Рәсім барысында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен ҚР Қарулы Күштері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Т.Қойбақов, Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы А.Рыспаев марапатталды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары А.Боданов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 36855 әскери бөлімінің командирі Е.Ермекбаев, Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Қ.Игембаев, Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің басқарма бастығы Б.Ысмайылов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Арыстан» қызметі басқармасының аға офицері Б.Қапаров, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы С.Көдебаев, ҚР Ішкі істер министрлігі «Сұңқар» арнайы мақсаттағы жасағының командирі Д.Құрмашев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жеке авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары М.Мұсабеков марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ № 45 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Ә.Айтбаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері 68665 әскери бөлімі десанттық-шабуылдау ротасының аға техник-жүргізушісі А.Караваев, Аэроұтқыр әскерлері сержанты - ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлері қолбасшысы басқармасының бөлімше бастығы Р.Сүйіндіков марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға шебері Қ.Жаныспаев, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Мамлют ауданы № 15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі Қ.Майсейітов марапатталды.  

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері 83205 әскери бөлімінің командирі А.Әбдірахман, ҚР Президенті Күзет қызметі департамент бастығының орынбасары Е.Жарқымбаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бас басқармасының бастығы М.Жетімеков, Республикалық ұлан 0111 әскери бөлімі батальонының рота командирі Р.Кененбаев, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғаныс күштері 97617 әскери бөлімі зениттік-зымырандық дивизионының командирі Д.Шевченко марапатталды.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар