Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 маусым 2012
Бүгін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында зымыран-ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары туралы жоғары деңгейдегі Қазақстан-Ресей келіссөздері болып өтті.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин ғарыш саласындағы және «Байқоңыр» ғарыш айлағын бірлесіп пайдаланудағы табысты ынтымақтастықтың көп жылғы тәжірибесіне қанағаттанушылық білдірді.

Мемлекет басшылары «Байқоңыр» кешенін бірлесіп пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру туралы келісімге қол жеткізді және екі елдің ғарыштық ведомстволарына ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану тәртібін регламенттейтін, бірлескен зымырандық кешендер құруды, кадр даярлау мен қазақстандық мамандардың іске қосу қызметіне қатысуын тегіс қамтитын екіжақты келісімді әзірлеу туралы мәселені жедел қарастыруды тапсырды.

Мәлімдеменің толық мәтінін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар