Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 шілде 2012
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.

Жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионаты Елорда күніне орайлас ұйымдастырылып отыр.

Жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионаты Елорда күніне орайлас ұйымдастырылып отыр. Бұл шахмат ойындарының ең эмоционалды және аса тартымды түріне жатады. Жарыс осы екі категория бойынша Халықаралық шахмат федерациясының қамқорлығымен өтуде.

Қазақстан Президенті турнирді аша отырып, Елорда күні қарсаңында Астанада маңызды іс-шара өткізіліп жатқанын атап өтті.

- Ондай іс-шараның арасынан шахматтан әлем чемпионаты өтетінін ерекше атап өту керек. Біздің елімізге белгілі шахматшылар, танымал гроссмейстерлер келді. Бүгінде әлем бір орнында тұрып қалмайды. Жедел шахмат адамды жылдам ойлауға, тез шешім қабылдауға итермелейді, бұл өмірде адамға өз септігін тигізеді. Шахматпен мектепте шұғылданған балалардың сабақ үлгерімі бірнеше рет артқан. Біз жастарымыз осы интеллектуалдық ойын түрімен айалысуы үшін сарай салуды, шахмат академиясын ашуды ойластырудамыз. Біздің еліміздің шахматтан атағы шыға қойған жоқ, алайда біздің өз чемпиондарымыз бар. Қазақстан азиялық турнирлерде жеңіске жетті. Соңғы екі жылда ғана еліміздің жас шахматшылары 18 медальді жеңіп алды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ашылу рәсімі барысында қатысушылардың кезектілігі мен ойнайтын түстері анықталды.

Қатысушылар құрамына қарап, бәсекенің тартысты өтетінін байқауға болады. Жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпионы атағы үшін әлемнің танымал гроссмейстерлері: Магнус Карлсен, Борис Гельфанд, Сергей Карякин, Веселин Топалов, Василий Иванчук, Теймур Раджабов, Александр Грищук және басқа қатысушылар сынға түседі.

Ашылу салтанаты алдында аяқталған іріктеу турнирінде гроссмейстерлерге қосылатын тағы 6 қарсылас анықталды. Блиц бойынша финалға Дмитрий Андрейкин, Ле Кван Льем және Николай Чадаев шықты. Рапидте: Игорь Курносов, Алексей Дреев және Владислав Ткачев. Қазақстанның абыройын Мұртас Қажығалиев пен Әнуар Исмағамбетов рапидте, ал Павел Коцур мен Ринат Жұмабаев блицте қорғайтын болады.

Астанадағы жедел шахмат және блиц бойынша әлем чемпонатында белгілі төрешілер төрелік жасайды. Турнирлер 6 - 10 шілде аралығында өтеді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар