Жаңалықтар

5 мамыр 2015
Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозуды қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Баррозуға алғыс айтты.

 

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Ж.Баррозуға алғыс айтты.

– Еуропалық комиссияға Сіз төрағалық еткен кезде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы он есе артты. Сіздің пәрменді ықпалыңыз, достық көмегіңіз арқылы біз ҚР мен ЕО-ның кеңейтілген серіктестігі және ынтымақтастығы туралы келісім жобасына қатысты келіссөздер аяқталғаны жөніндегі құжатқа қол қойдық. Еуропалық одақ біздің негізгі сауда серіктесіміз болып қала бермек, – деді Қазақстан Президенті.

Ж.Баррозу өз қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа  ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы серіктестік бұдан әрі  өрістеп, оның аясы кеңейе береді деп үміттенетінін жеткізді.

– Еуропалық комиссияның төрағасы ретінде мен Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тығыз серіктестікті қолдау үшін қажет болған бар күш-жігерімді салдым және өзімнің оған қосқан үлесімді зор мақтаныш тұтам. Сондай қарым-қатынас орнату үшін Сіздің тікелей атсалысуыңыз да өте маңызды болды, – деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін Ж.Баррозуды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар