Жаңалықтар

4 шілде 2014
Елбасы ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысы ТМД елдерінің қорғаныс ведомстволары басшыларының тұрақты кездесулерінің маңыздылығын атап өтті.

- Біздің мемлекеттеріміздің бірлескен тәжірибесі, адами байланыстар, ортақ білім берудің әскери саланы да қамтыған ортақ үрдісі, қару жарақтың бірыңғай түрімен жабдықтау, сондай-ақ сыртқы шекараларды қорғаудың ортақ кеңістігі – осының бәрі тығыз байланыстарды бұдан әрі де сақтау қажеттігін білдіреді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев тұрақсыз геосаяси ахуал мен әлемдік экономиканың аумалы-төкпелі жағдайында Қазақстан көрші елдермен тығыз әскери ынтымақтастыққа мүдделі екеніне назар аударды.

 -Бізде ҰҚШҰ аясында одақтастық қарым-қатынастар, өзара қорғау, әуе шабуылына қарсы ортақ сыртқы қорғаныс қалыптасты. Бізге осы қатынастарды және бір-бірімізге деген сенімді сақтау қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті қорғаныс және әскери-техникалық ынтымақтастықты бұдан әрі дамытудың маңыздылығын да айтты.

-Біз қазір өзге мемлекеттермен бірлесіп жүзеге асыру үшін әскери техниканың бірқатар құрамдастарының өндірісін Қазақстанға әкелуді ойластырудамыз. Осыған байланысты біз бірлескен кәсіпорын құруды жан-жақты қолдаймыз. Көрші елдердің экономикалық және ішкі саяси ахуалдары Қазақстанға әсер етеді, сондықтан біз көршілерімізде, одақтастарымызда, соның ішінде Достастық аясында бәрі  жақсы болуына шынайы тілектеспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы Кеңеске қатысушыларға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар