Жаңалықтар

19 ақпан 2014
Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайыновпен кездесу

Ә.Құсайынов Мемлекет басшысын кәсіподақтың қазіргі қызметі, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары және кәсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары туралы хабардар етті.

 

Ә.Құсайынов Мемлекет басшысын кәсіподақтың қазіргі қызметі, жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстары және кәсіподақ қозғалысын дамыту перспективалары туралы хабардар етті.

Қазақстан Президенті өңірлерде кәсіподақтардың белсенді жұмыс жүргізу қажеттігіне және олардың әлеуметтік серіктестік аясында барлық мүдделі тараптармен өзара ықпалдастығының маңыздылығына назар аударды.  

– Кәсіподақтардың негізгі міндеті – еңбеккер мен жұмыс берушілер арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу, ал ол үшін кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымдары барлық тараптармен тығыз ынтымақтастықта болуға тиіс. Бұл ретте жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған әлеуметтік диалогтың жаңа түрлерін дамыту маңызды, – деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Федерация төрағасы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік серіктестіктегі кәсіподақтар қозғалысының рөлін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алу мақсатын көздейтін кәсіподақтар туралы жаңа заңды әзірлеу барысы туралы да айтты.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар