Жаңалықтар

19 сәуір 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер, соның ішінде бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәлімет берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімділігін арттыруды тапсырды.

Ә.Смайылов Мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жөнінде баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар