Жаңалықтар

29 қараша 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығын одан әрі тереңдету келешегі қаралды.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығын одан әрі тереңдету келешегі қаралды.

Мемлекет басшысы әлемдегі шиеленістердің келіссөздер жолымен шешілуі қажеттігіне тоқтала келе, бұл ретте БҰҰ маңызды рөл атқаруы керектігін атап өтті.

Осы орайда, Қ.Тоқаев БҰҰ-ның қарусыздану жөніндегі Конференциясының қазіргі қызметі туралы айтты және ядролық қаруға тыйым салу мен ядролық арсеналды қысқарту үдерісіндегі Қазақстанның жетекші рөлін атап өтті.     

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Нұрсұлтан Назарбаевты Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу туралы Халықаралық көрмелер бюросы мүшелерінің шешімімен құттықтады. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар