Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 қараша 2019
Қазақстан Президенті Ұлттық ғылым академиясының академигі Серікбек Дәукейді қабылдады

Кездесу барысында геология саласын дамытудың, салалық министрлік құрылғаннан кейінгі қолға алынған реформалардың орындалу барысының, сонымен қатар, жер қойнауын зерттеу бағытында қабылданған мемлекеттік және заңнамалық қолдау шараларының өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жер қойнауын пайдалану Кодексіне өзгертулер енгізу жөнінде ұсыныс берілді. Аталған ұсыныс геологиялық зерттеу жүргізу және жер қойнауын тиімді пайдалану ісінде мемлекеттің рөлін күшейтеді.

Президент аталған саланы одан әрі дамытудың, жаңа кен орындарын ашу үшін заманауи, ғылыми әдістерді пайдаланудың және минералды-шикізат базасының қорын арттырудың ерекше маңыздылығын атап айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар