National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады

2017 жылғы 11 қаңтар

Кездесу барысында Мемлекет басшысына холдингтің 2016 жылғы қызметінің қорытындысы жөніндегі есебі және одан әрі даму жоспары ұсынылды.

Е.Досаев өз сөзінде акционерлік қоғамның активі 4 трлн 100 млрд теңгеден асып, таза табысы 30 млрд теңгені құрап отырғанын айтты.

Сондай-ақ, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Мемлекет басшысын «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының жұмысы жайлы және еліміздегі экономикалық ахуал мен Ұлттық банктің жаңа монетарлық саясатын ескере отырып, холдингтің стратегиялық дамуына өзгерістер енгізуге арналған жоспарлары жөнінде хабардар етті.

Қазақстан Президенті холдингтің еліміздің экономикасы үшін маңызы зор жобаларды іске асыру барысындағы рөлін атап өтті.

– Холдингтің алдына әуел бастан ірі жобаларды несиелеу жөнінде міндет қойылған. Алайда, экономикалық дағдарыс жағдайында «Бәйтерекке» көптеген түрлі қосымша тапсырмалар берілді. Осыған байланысты қазір оның бұдан арғы қызметінің стратегиялық перспективаларын айқындау қажет, – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің