Жаңалықтар

30 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғары өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Кэтрин Эштонды қабылдады

Кездесу барысында серіктестік пен ынтымақтастықтың ауқымды аясында Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту және одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

 

Кездесу барысында серіктестік пен ынтымақтастықтың ауқымды аясында Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту және одан әрі дамыту келешегі талқыланды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі, Ауғанстандағы жағдайды қоса алғанда, жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті әңгімелесу біздің еліміз бен ЕО арасындағы қарқынды саяси диалогтың жалғасы болып саналатынын атап көрсетті.

Кэтрин Эштон Қазақстанда өте көтеріңкі көңіл-күйде жүргенін айтып өтті.

- Бүгін Сізбен кездесу мен үшін – үлкен мәртебе. Бұл менің Астанаға алғашқы, ал Қазақстанға екінші сапарым. Астанаға келген әр адам оның сәулетіне таңданбай тұра алмайды. Мен көптеген ғимараттың әлі салынып жатқанын байқадым. Бұл қала дамуының жалғасып жатқанының дәлелі, - деді К.Эштон.

К.Эштон ЕО Қазақстанды БСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер процесінде, сондай-ақ Қазақстан Президентінің аймақтық интеграция жөніндегі бастамаларын қолдайтынын атап өтті.

Еуропалық Одақ алты жыл қатарынан Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып келеді. 1993-2012 жылдар аралығанда ЕО елдерінің Қазақстан экономикасына тікелей инвестициясының түсімі 70 миллиард АҚШ долларын құраған.             


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар