Жаңалықтар

18 ақпан 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады

 

Кездесу барысында Е.Ыдырысов Қазақстан Президентін 2012 жылы сыртқы саясат саласында атқарылған жұмыстың негізгі қорытындылары, сондай-ақ, ведомствоның ағымдағы қызметі және министрліктің алдына қойылған алдағы кезеңге арналған міндеттерді іске асыру барысы жөнінде хабардар етті.

Кездесуде Қазақстанның сыртқы саясаты келешекте де көршілес елдермен екіжақты қатынастарды нығайту ісімен геосаяси үйлесімде болатыны атап өтілді. Сондай-ақ, сыртқы саяси бағыттың негізгі басымдықтарының бірі еуразиялық интеграция болып саналады.

Мемлекет басшысы Қазақстанға шетел инвестициясын тартуға және еліміздің сыртқы саясатының экономикалық аспектісін күшейтуге көмектесу қажеттігін атап өтті.

Е.Ыдырысов министрліктің қызметі «Қазақстан-2050» Стратегиясында алға қойылған халықаралық қатынастар саласындағы міндеттерді орындауға және ЭКСПО-2017 көрмесін табысты өткізуге бағытталатынына тоқталды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы республиканың сыртқы саяси бағымдықтарын жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.          


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар