Жаңалықтар

19 қаңтар 2015
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады

 

Н.Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады.

Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді  іс-қимыл мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар