National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы VIII Астана экономикалық форумына қатысуға келген Литва Премьер-министрі Альгирдас Буткявичюспен кездесті

2015 жылғы 21 мамыр

 

Кездесу барысында екіжақты, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Елбасы 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа жауап ретінде ұйымдастырылған форумға қатысатыны үшін Литва Премьер-министріне  алғыс айтты.

– Форумға 90 елден келген үш мың делегат қатысады. Біз Қазақстанның инфрақұрылымдық және индустриялық даму тұрғысынан қабылдап жатқан шаралары мен жүзеге асырып жатқан өзге де бағдарламалары туралы айтпақ ниеттеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің арасындағы саяси диалог пен экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін атап өтті.

 – Литвамен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдық. Сіздің сапарыңыз ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызмет етеді деп үміттенемін, – деді Мемлекет басшысы.

А.Буткявичюс екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

– Қазақстан Литваның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып саналады, – деп атап өтті А.Буткявичюс.

Литва Премьер-министрі сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты ел Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, Қазақстанның алға қойған барлық мақсаттарына жететініне сенімділік білдірді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің