Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қазан 2015
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында кеңейтілген құрамдағы келіссөздер өтті

 

Қазақстан Президенті Ресей біздің еліміздің стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін атап өтті.

Біз Еуразиялық экономикалық одақта өзара ықпалдасып отырмыз. Елдеріміз екіжақты байланыстар аясында экономика, ғылым және гуманитарлық салалардағы жобаларды табысты жүзеге асыруда. Соған орай біз екі мемлекеттің ынтымақтастығына қосымша серпін беретін осы жолғы кездесуге айрықша мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев өзара тауар айналымы көлемінің қазіргі құлдырауы әлемдік экономика дамуының кезеңділігіне және негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуіне байланысты уақытша құбылыс екеніне назар аударды.

Біз ұлттық деңгейде де, ЕАЭО аясында да үйлесімді жедел шаралар қабылдау қажеттігін түсінеміз. Экономикалық мәселелердің салдарын жеңілдете түсу үшін резервтерді пайдаланған жөн. Еуразиялық экономикалық одақ Ұйымның барлық мүшесінің теңқұқылығы жағдайында қызмет ете алады, елдеріміздің өкілдері барлық елдердің мүддесіне орай және ортақ экономикалық ұстанымдарға сәйкес жұмыс істеуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

В.Путин екіжақты қарым-қатынастардың барлық, соның ішінде саясат, экономика және қауіпсіздік бағыттарында тиімді дамып жатқанын айтты.

Біз статистикалық көрсеткіштердің аздап төмендегенін байқап отырмыз, бірақ нақты көлем тұрғысынан іс жүзінде өзгеріс жоқ. Біз 2013 жылы қабылданған, 2015 жылы мерзімі аяқталатын екіжақты жоспар негізінде жұмыс істеп жатырмыз. Қазір біздің әріптестеріміз 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспарын әзірлеуде. Оны жыл аяғына дейін бекітеміз деп үміттенемін, – деді Ресей Президенті.

В.Путин Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестициялары 9 миллиард доллардан асқанын да атап өтті. Қазақстан мұнайының сыртқы нарыққа арналған негізгі көлемі Ресей аумағы арқылы өтеді. Сонымен қатар, Ресей Президенті жоғары технологиялар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларында бірлескен ірі жобалар бар екеніне назар аударды. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар