National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Жапония Премьер-министрі С.Абэнің Қазақстанға ресми сапары аясында кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер

2015 жылғы 27 қазан

 

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында С.Абэнің Астанаға алғашқы ресми сапары Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге шығару үшін қуатты серпін беретініне сенім білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев С.Абэнің Либерал-демократиялық партия төрағасы ретінде өз елін дамытудың өршіл бағдарламасын ұсынғанын да атап өтті.

Біз Сізге бағдарламаңызды лайықты жүзеге асыру жолында табыс тілейміз. Қазақстан мен Жапония – бір-бірінен алыс жатқан, бірақ жақын дос елдер. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап Сіздің елмен жан-жақты қарым-қатынастарды дамыту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдығының бірі болып саналады. Астана мен Токио ұдайы сенімді серіктес болып келеді. Біз әрдайым бір-бірімізді қолдаймыз, ядролық қарусыздану және таратпау, сондай-ақ атом энергетикасын бейбіт пайдалану ісінде одақтаспыз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі елдің сауда-экономикалық даму және инвестициялық өзара ықпалдастық көрсеткіштеріне де тоқталды.

2013-2014 жылдарда елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллар болды. Ал 2015 жылдың бірінші жарысында бұл көрсеткіш 600 миллион долларға жетті. 10 жылда Қазақстанға келген жапон инвестициясының көлемі шамамен 5 миллиард доллардай болады. Сонымен қатар, Жапония ресми көмек ретінде Қазақстанға 1,2 миллиард доллар берді. Елімізде бірқатар ірі компаниялар белсене жұмыс істеуде. Бүгінде 50 бірлескен кәсіпорын тіркелген, құны 700 миллион доллардан асатын 6 бірлескен жоба іске асырылды. Дәл осы сома мөлшерінде тағы 10 жоба қарқынды ілгерілету сатысында тұр. Қостанайда «Тойота» автомобильдерін құрастыру зауытын ашу да айшықты оқиға болды. 25 қазаннан бастап Инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу туралы келісімнің күшіне енуі ынтымақтастығымыздың құқықтық базасын айтарлықтай жақсартатынына сенімдімін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

С.Абэ екіжақты сауда-экономикалық қарым-қатынастардың құқықтық базасын нығайту, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ірі инвестициялық бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін, жалпы ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер аясын едәуір кеңейтетінін атап өтті. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің