Жаңалықтар

26 маусым 2013
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана маңында «жасыл белдеуді» дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді

 

Кеңеске Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов, Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров, Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Е.Нысанбаев және Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Крылов қатысты.

Мемлекет басшысына Астана маңында жасыл белдеуді қалыптастыру жөніндегі жұмыс барысы туралы хабардар етілді. Орманды алқап аймағында рекреациялық аймақ құруға, сондай-ақ қала аумағын жасылдандыруға және жас көшеттер алаңын ұлғайтуға ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар