Жаңалықтар

15 қаңтар 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық академиялық кітапханасының ғимаратында орналасқан Астана қаласындағы № 182 сайлау учаскесінде болып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында дауыс берді.

- Қымбатты қазақстандықтар, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Бүгін біздің елімізде өте маңызды саяси оқиға – біздің еліміздің заң шығару органы – Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауы өтуде. Қазақстан халқы бүгін дауыс береді, өздерінің таңдауын жасайды. Ашық және таза сайлау өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Біз үшін бұл үлкен сынақ. Бүгін бізде әлемнің түкпір-түкпірінен мыңнан астам бақылаушылар жұмыс істеуде. Мен қазақстандықтар өздерінің болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін, біздің ортақ Отанымыздың тыныштығы үшін, көп ұлтты Қазақстан халқы үшін дұрыс таңдау жасайды деп сенемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифинг барысында.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар