Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

8 маусым 2015
Елбасы Астананың «жасыл белдеуін» дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді

Кеңеске қатысушылар аралық қорытындылар мен елорданың жасыл белдеуін әрі қарай дамыту қадамдарын талқылады.

 

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков және ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев қатысты.

Кеңеске қатысушылар аралық қорытындылар мен елорданың жасыл белдеуін әрі қарай дамыту қадамдарын талқылады. Атап айтқанда, 2020 жылға дейін негізгі үш бағытта жұмыс жүргізу жоспарланған. Ол – қалыптасқан аймақтардағы жасыл желектің тығыздығын арттыру, қала аумағындағы бос жерлерге ағаш отырғызу, демалыс орындарын қалыптастыру.   

Нұрсұлтан Назарбаев «жасыл белдеу» қалыптастыру барысындағы үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету, ғылыми тәжірибені қолдану, жаңа технологиялар енгізу, қала аумағы мен оның сыртындағы орман алқаптарын қосу маңыздылығына назар аударды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар