Жаңалықтар

30 қаңтар 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әуежайы маңында болған ұшақ апатына байланысты Қазақстан халқына мәлімдеме жасады

 

Ақордада құқық қорғау органдарының басшы құрамымен кеңесті ашқан Қазақстан Президенті ұшақ апатынан қаза болғандардың барлығының отбасына, туған-туыстарына тағы да көңіл айтты.

- Менің тапсырмаммен қайғының себептерін анықтайтын, ұшу қауіпсіздігін күшейту жөніндегі шараларды белгілейтін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Үкіметке қаза болған жолаушылар мен экипаж мүшелерінің отбасыларына барынша көмектесу жөнінде тапсырма берілді. Мен 31 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдадым, - деді Мемлекет басшысы.

Отырысқа қатысушылар қаза болғандарды бір минут үнсіз еске алды.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кеңестер мен отырыстар
Барлық кеңестер мен отырыстар