Жаңалықтар

7 қараша 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обамаға Америка Құрама Штаттары Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Барак Обаманы Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан құттықтады.

Жеделхатта АҚШ көшбасшысының үміт, прогресс және мүмкіндік туралы үндеуі Қазақстан халқы арасында кең қолдау тапқаны атап өтіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Б.Обаманың ядролық қарусыз әлемді қалыптастыру жолындағы көзқарасын құптай отырып, Қазақстанның осы ізгі мақсатқа қол жеткізу үшін нақты шаралар жасап отырғанына тоқталады.

Мемлекет басшысы АҚШ-тың қайта сайланған Президентімен бұдан әрі де үнқатысуы қазақстандық-америкалық стратегиялық әріптестікті нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіреді.

- Осындай қиын-қыстау кезеңде Сіздің жетекшілігіңізбен Америка Құрама Штаттары әлемнің гүлденуі мен тұрақтылығы үшін қуатты қозғаушы күш болатынына сенімдімін. Сізге және отбасыңызға денсаулық пен мол бақыт, қызметіңізге толағай табыс, ал Америка халқына амандық тілеймін, - делінген құттықтау жеделхатында.

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар