Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 наурыз 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Боливар Венесуэла Республикасының вице-президенті Николас Мадуроға ел Президенті Уго Чавестің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Нұрсұлтан Назарбаев Боливар Венесуэла Республикасының Президенті Уго Чавестің мезгілсіз қайтыс болғаны қаралы хабарды ерекше күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

«Уго Чавестің Венесуэланы жан-жақты дамытуға және халықтың жағдайын жақсартуға сіңірген ерен еңбегі тарихта өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі біздің есімізде мәңгі сақталатынына сенімдімін», - делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Президент У.Чавестің отбасына және достас Венесуэла халқына терең күйзеліспен, шын ниетпен көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар