Жаңалықтар

14 шілде 2014
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеральды канцлері Ангела Меркельге ел құрама командасының футболдан әлем чемпионатындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы аса жоғары деңгейдегі шеберлік, керемет командалық ойын және жеңіске деген жігер Германия құрамасына лайықты қарсыластарынан басым түсіп, биік тұғырға көтерілуге мүмкіндік бергенін атап өткен.

«Германия Федеративтік Республикасы құрама командасының футболдан биылғы әлем чемпионатындағы тамаша жеңісіне және төртінші рет чемпион атануына байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз. Дүние жүзі қауымының назарын аударған Германия командасының бұл жеңісі футбол тарихында айрықша із қалдырды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге және достас Германия халқына алдағы уақытта да жеңістерге жете беруге тілектестік білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар