Жаңалықтар

28 қаңтар 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанның Чех Республикасының Президенті қызметіне сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы М.Земанның жылдар бойы жинаған мол тәжірибесі оның елінің өсіп-өркендеуіне айтарлықтай серпін беретініне сенім білдірген.

«Сіздің жаңа қызметіңіз екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністік негізінде қалыптасқан ынтымақтастықтың нығаюына, атап айтқанда, 2012 жылғы Чехияға ресми сапарым барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың табысты іске асырылуына септігін тигізетініне кәміл сенемін» делінген жеделхатта.

Жеделхат соңында Нұрсұлтан Назарбаев М.Земанға зор денсаулық, қажымас қайрат, аса жауапты қызметіне табыс, ал достас Чехия халқына - береке-бірлік және өсіп-өркендеуді тілейді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар