National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржге екінші мерзімге қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

2013 жылғы 28 маусым

 

Жеделхатта Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, тату көршілік пен достық қарым-қатынастар нығайып келе жатқанын атап өткен.

«Алдағы уақытта да екі елдің болашағы мен дамуына бағытталған тығыз байланыстар одан әрі тереңдей түсетініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Моңғолия Президентін және достас моңғол халқын елдің алда келе жатқан ұлттық «Наадам» мерекесімен құттықтады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия еліне береке-бірлік, ал Ц.Элбэгдоржге денсаулық және қызметіне табыс тілеген.    


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің