Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

1 ақпан 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы қаласы әуежайының маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхаттары келіп түсуде

 

Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл, Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ Катар мемлекетінің жоғары басшылығы:  әмір Хамад бен Халифа әл-Тани, Премьер-Министр және Сыртқы істер министрі Хамад бен Жасем бен Жабер әл-Тани, тақ мұрагері Тамим бен Хамад әл-Тани қаза болғандардың отбасылары мен барша қазақстандықтарға көңіл айтып, терең күйзеліс сезімдерін білдірді.

Бұған қоса, көңіл айту жеделхаттарын шетелдердің мемлекет қайраткерлері мен азаматтары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың басшылары жолдады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар