Жаңалықтар

29 қараша 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Ресей Федералдық Жиналысы Федералдық Кеңесінің Төрайымы, ТМД-ға мүше мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкодан құттықтау хат келді

 

В.Матвиенко ЭКСПО-2017 өтетін орын ретінде Астананың таңдалуы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы табыстарының халықаралық мойындалуы екенін атап көрсеткен. Бұл – республика мен бүкіл Еуразия өңірінің даму келешегіне жоғары баға берілуінің дәлелі.

«Көрме Астананың да, жалпы алғанда, Қазақстанның да экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы үшін қосымша ынталандыру қызметін атқарады» деп атап өтілген құттықтау хатта.

В.Матвиенко Мемлекет басшысына және барша Қазақстан халқына ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін лайықты деңгейде абыроймен өткізуді тілейді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар