Жаңалықтар

29 қараша 2012
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Швейцария Конфедерациясының Президенті Эвелин Видмер-Шлумпфтен құттықтау хат келіп түсті

 

Өз құттықтау хатында Э.Видмер-Шлумпфт алдағы уақытта өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» атты тақырыбының маңыздылығына тоқталған.

«Ресурстардың жетіспеушілігі баламалы энергия көздерін іздеуді маңызды ете түседі. ЭКСПО көрмесі осы мәселені шешуде пікірлесу және тәжірибе алмасу алаңы ретінде маңызды үлес қосатынына сенемін» деп атап көрсетеді Швейцария Конфедерациясының Президенті.

Сонымен қатар, Э.Видмер-Шлумпфт ЭКСПО көрмесі Астанада табысты өтетініне сенім білдірген.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар