Жаңалықтар

28 қаңтар 2013
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Дилма Руссеффке Санта-Мария қаласындағы көп адамды қазаға ұшыратқан өртке байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Қазақстан Президенті және еліміздің барша халқы Санта-Мария қаласында болған сұрапыл өрт салдарынан көптеген адамның өмірі қиылғаны туралы қайғылы хабарды қатты күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Халқымыздың атынан және өз тарапымнан Бразилия халқына және өрттен құрбан болғандардың жақындары мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Осындай қайғылы күндерде Бразилия халқы басқа түскен қиыншылықты төзімділікпен көтереді деп сенемін» делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар