Жаңалықтар

10 қыркүйек 2015
Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевқа сол елдің көрнекті мемлекет қайраткері Тұрдақын Үсібәлиевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанның көрнекті басшыларының бірі, халқының ұлтжанды азаматы дүниеден озғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.  

Мемлекет басшысы республикаға басшылық жасаған кезінде кәсіби біліктілігі мен адамгершілік қасиеттері арқылы көпшіліктің құрметіне бөленген Т.Үсібәлиевтің бауырлас елді нығайту мен өркендету ісіне мол үлес қосқанын атап өтті.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Т.Үсібәлиевтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар