Жаңалықтар

29 қаңтар 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысының Қызылту кенті маңында жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

 

- Алматы облысының Қызылту кенті маңында адам құрбандығына душар еткен «Scat» әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағаны туралы қаралы хабарды күйзеле отырып қабылдадым.

Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын.

Мен тиісті мемлекеттік органдарға ұшақтың апатқа ұшырауының себептерін анықтап, қайтыс болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар