Жаңалықтар

8 қаңтар 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына қазақстандықтардан «Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына қолдау білдірген хаттар келді

 

«Әлем әйелдері достығының орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Я.Низамутдинова кезекті Қазақстан халқына Жолдауын ынта қойып, зор ықыласпен тыңдағанынан хабардар етеді.

«Мен балаларыммен бірге Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі туралы Сіз алға қойып отырған басты мақсатты іске асыруға атсалысатынымызға сенімдімін» деп жазады автор.

Көкшетау қаласынан З.Шуатаева бұл құжатты өзінің ауқымы жағынан жан-жақты және жаһандық деп атаған. Оның пікірінше, «2050-Стратегиясы» Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі болып саналады.

«Сіз, өз шешімдеріңізге әрдайым сенімдісіз әрі беріксіз, міне, сондықтан ойға алғаныңызды жүзеге асырып келесіз. Сіз белгілеп берген перспективалар мерзімінен бұрын шындыққа айналады» делінген хатта.

Тараз қаласындағы №2 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ғ.Омаров «2050-Стратегиясы» келешекте денсаулық саласының одан әрі дамуына елеулі ықпалын тигізетініне сенімді. Ол сондай-ақ Жамбыл облысы мен қаланың медицина қызметкерлері бүгінде оқуда және біліктіліктерін арттыруда мүмкіндіктерінің арта түскенін, жұмыс орындарының ең озық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілгенін сезінуде деп атап өткен.

Өз кезегінде, Алматы облысы Талғар қаласынан ҰОС ардагері О.Тұрсынов Мемлекет басшысының саясатының арқасында қазақстандықтар ертеңгі күнге сеніммен қарайтынын атап өткен.

«Үш айдан кейін 89 жасқа толмақпын. Өз кезегінде көпті көрген соғыс ардагері ретінде Сізге, көпұлтты халқы бар елімізге батамды беремін. Сіздің басшылығыңызбен әлемдік аренада еліміз қол жеткізген табыстар жалғасын таба берсін» деп жазады О.Тұрсынов.           

Еңбек ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Атырау облысындағы ақсақалдар алқасының мүшесі И.Чебышев өз хатында Мемлекет басшысы Стратегияда еліміз дамуының жаңа бағыттарын анықтап бергенін атап өткен.

«2025 жылға қарай қазақ тілі латын әрпіне ауысса, қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттіне ғана септігін тигізетін болады. Біз балаларымыз қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруін жөн деп санау үшін қадамдар жасауымыз керек» делінген хатта.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзбек мәдени орталығы «Мейірімді аналар» қорының төрайымы П.Хажыметова елдің және өз ұрпақтарының болашағын ойлайтын әр адам Мемлекет басшысын, сондай-ақ көп ұлттық Қазақстанның дамуы мен өркендеуінің жаңа қадамы болып саналатын оның идеяларын толық қолдайды деп есептейді.

Атырау облысындағы «Сәлем» дағыстандық этномәдени бірлестіктің төрағасы М.Әлішаев өзі жолдаған хатта этникалық, мәдени және өңірлік әртүрлілікке қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылық сақталып отырғаны туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан сөздері өзінің ризашылық сезімін тудырып, сенімін ұлғайта түскенін атап өткен.

Маңғыстау облысындағы «Алаң» осетин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Ф.Биркле Жолдауда мықты қоғам құруда әйелдердің атқаратын рөліне ерекше орын берілгені өте маңызды болды деп есептейді. Ол балаларды дұрыс тәрбиелеу, қазіргі заманғы әйелдердің орнықты бейнесін қалыптастыру, қоғамның толыққанды мүшесі болу қабілетінің болуы маңызды деп санайды.

«Жолдауды оқып шықан соң, ең алдымен, ертеңгі күнге деген сенімге байланысты ерекше сезім көңіліңе орнығады. Мықты, еркін, өркендеген мемлекетте өмір сүру - үлкен бақыт, ал оның жарқын болашағына деген сенім Отанның игілігі үшін барыңды беріп, жұмыс істеуіңе күш-жігер береді» делінген хатта.

Маңғыстау облысындағы «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Ю.Кержбаум дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауы әр азаматтың дамуы үшін мүмкіндік беретін тиімді экономика құратын мемлекетті құру жөнінде биік міндетке жету жолын анықтап берді деп санайды.

«Бұл Қазақстанның әрбір азаматына арналған, оның жеке өзі, отбасы жақсы тұруы үшін алдына қойылған нақты міндетті шешуге тікелей атсалысуы қажет екенін түсіндіретін үндеу» деп жазады автор.

Маңғыстау облысындағы «Булгар» татар этномәдени бірлестігі төрайымының орынбасары З.Бернеева құжатта көрініс тапқан бастаманы іске асыруда Мемлекет басшысының күш-жігерін, сондай-ақ еліміздің бай әлеуетін пайдалану ашық азаматтық демократиялық қоғам құруда Қазақстанның көшбасшылық ұстанымын одан әрі нығайтатынына сенім білдіреді.

«Біздің Отанымыз – тату тұратын көп ұлттың ортақ үйі, ал Сіз халық бірлігінің бейнесі, тұрақтық пен өркендеудің кепілі болып саналасыз» деп жазады «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығының төрайымы Л.Мазова. Ол республиканы мекендеген түрлі этностар өкілдері өздерін теңқұқылы, бақытты адамдар сезінеді деп есептейді.

Маңғыстау облысындағы «Дағыстан» Дағыстан халқы мәдени орталығының төрағасы Ю.Шахшаев Мемлекет басшысының кезекті Жолдауы Қазақстан халқы, оның игілігі туралы қамқорлыққа толы екенін атап өткен, өйткені бірлік пен келісімсіз даму болмақ емес.

«Біз - өз Отанымыздың патриотымыз, біз – біртұтас отбасымыз. Ал біртұтас отбасында бәрі өз мойнымызда, біз әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына енетінімізге сенемін» делінген хатта.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақмола ғылыми-талдау орталығы төрағасының орынбасары Н.Митчинова қазақстандықтар - өткеніне мақтанышпен қарауға негіз бар, болашағына алаңдамайтын, ал Мемлекет басшысының Жолдауынан кейін жалпы келешегіне анағұрлым сеніммен қарайтын халық екенін атап көрсеткен.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар